АСТАНА. KAZINFORM — Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими еркін жаттығудан күміс медаль алды.
Сайыс барысында төрешілер тарапынан оған 14.400 балл берілді. Бұл Миладтың екінші орын алуына мүмкіндік туғызды.
Милад Карими 1999 жылы дүниеге келген. 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола жүлдегер болса, Азия чемпионатында бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Бірінші орынға 14.600 баллмен Карлос Юло (Филиппин) жайғасса, үздік үштікті 14.033 баллмен Мун Гын Ён (Оңтүстік Корея) түйіндеді.
Сондай-ақ ел құрамасынан Дмитрий Патанин (13.833 балл) жүлдеге қол созымда қалды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы командалық көпсайыста үшінші орын алды. Құрлықтық додаға Қазақстан құрамасы тәжірибелі спортшыларды алып барды. Оған Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Тайбэй және басқа елдерден мықты гимнастшылар барды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.