Милад Карими әлем кубогы кезеңінде алтыншы алтынын жеңіп алды

Фото: Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Милад Карими Мысыр астанасы Каирда спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде тағы да жеңімпаз атанды.

Қазақстандық гимнаст бұл жолы кермедегі жаттығудан 14.466 ұпай жинап, үздік шықты.
Кипр өкілі Мариос Георгиу (14.066 ұпай) күміс медальға қол жеткізді. Швейцария лық Ноа Сейферт 18.866 ұпаймен үздік үштікке ілікті.

Осылайша, Каирде Милад екінші алтынын жеңіп алды. Бұдан бұрын ол еркін жаттығудан үздік шыққан еді.

Бұл — оның биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі алтыншы алтыны.

Жалпы, спорттық мансабында Милад Карими әлем кубогы кезеңдерінде тоғыз рет чемпион атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Милад Каримидің әлем кубогы кезеңінде тағы да топ жарғанын жазған болатынбыз.