Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша бесінші орын иеленіп, финалға өтті. Сондай-ақ, Милад қол тіреп секіруден және гимнастикалық қоссырықтан ақтық сында өнер көрсетеді. Мұның алдында Карими еркін жаттығудан финалда сынға түсу мүмкіндігін алған болатын. Айта кетелік, одан бөлек Нариман Курбанов пен Аким Мусаев гимнастикалық ат снарядындағы жаттығудан финалға өтті. Ақтық бәсеке 22 маусымға жоспарланған.
04:42, 21 Маусым 2019
Милад Карими Азия чемпионатының финалына жолдама алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлан-Батырда спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық спортшылар арасынан Милад Карими финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.