Дауыс беру қорытындысы бойынша қыркүйек айының үздік спортшысы атағын спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының өкілі Милад Карими жеңіп алды.
Қазақстандықтар 5 үміткер үшін дауыс берді. Олар – Милад Карими (спорттық гимнастика), Дарын Қонысбаев (триатлон), гандболдан Қазақстан әйелдер командасы, нысана көздеуден және регбиден 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар командасы.
8 қазан күні сағат 12:00-де дауыс беру аяқталды. Милад Карими 73,19 дауыспен жеңіске жетті.
Оның ізін ала регбиден Қазақстан қыздар командасы орналасса, үздік үштікке сондай-ақ нысана көздеуден Қазақстан командасы орналасты.