Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Жоба аясында жол жабынын жаңарту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылуда.
«Қазіргі уақытта 14,5 мың шаршы метр аумақта жолдың ақаулы учаскелері қалпына келтірілді. Сонымен қатар 45,6 мың шаршы метрде ескі асфальтбетон жабыны жонылып, 27 мың шаршы метр аумаққа ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан тегістеу қабаты төселді. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде», – деп хабарлады ҚазАвтоЖол компаниясынан.
Жобаны іске асыруға 50 маман мен 34 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
Мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолдың пайдалану сапасы жақсарып, қозғалыс қауіпсіздігі артады.
Айта кетейік, Маңғыстаудағы маңызды жолдың 70 шақырымы жаңартылып жатыр.