Карими кермедегі жаттығуда 14.675 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Бірінші орында тайпейлік Чиа Хунг Танг, үшінші орында ресейлік Иван Стретович.
Еске сала кетейік, Карими қоссырықтағы жаттығуды төртінші, еркін жаттығуды жетінші, көпсайысты бесінші орынмен аяқтады. Бұл - Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.
Бұған дейін дзюдошы Ғалымжан Қырықбай алтын, гимнаст Нариман Құрбанов күміс, стенд атушы Сәрсенкүл Рысбекова қола жүлдегер атанған.
00:30, 08 Шілде 2019
Милад Карими жазғы универсиадада күміс медаль жеңіп алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында спорттық гимнастикадан жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсеке аяқталды. Қазақстандық Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.