Милан әуежайында ер адам тіркеу орнын жағып жібермек болды

АСТАНА. KAZINFORM – Босқын мәртебесі бар Мали елінің тумасы Милан әуежайында тіркеу орнын зақымдады. Соның салдарынан билік өкілдеріне бірінші терминалды уақытша жабу қажет болды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Фото: видеодан алынған скриншот

Жолақысы жоқ бұзақы азаматтарды тіркейтін орынға тез тұтанатын сұйықтық шашып, өрт қойған және столды балғамен ұрған. Оқиға онына полиция мен өрт сөндірушілер жетті. Оқиға болған жер оқшауланып, өрт сөндірушілер жалынды бірден сөндірді.

Мали тумасы әрекетінің мақсаты түсініксіз болып қалып отыр. Қазір ол Варездегі полицияда. Бұзақының тұтқындалуының қаншалықты негізді болғаны Бусто-Арсицио қаласында бейсенбі күні өтетін сот отырысында тексерілетін болады.

Ал Италияда қылмыскерлер британдық лордтың қолынан 175 мың фунт стерлинг тұратын сағатты қалай жұлып әкеткенін мына материалдан оқыңыздар.