Гаттузо «Ювентусқа» қарсы өткен Италия Суперкубогы матчында төрешіні балағаттаған.
41 жастағы бапкер ойын барысында төреші Лука Бантидің бірнеше шешіміне келіспей, ойын соңында тіпті қысым көрсеткен. Матчта 0:1 есебімен туриндіктер жеңіске жетті. Марапаттау салтанаты басталар алдында Гаттузо төрешіні балағаттауға да үлгерді. Енді миландықтар Италия чемпионатының «Дженоаға» қарсы 20-тур ойынын бапкерсіз өткізеді.