«Милан Бароштың биыл жазда «Баник острова» командасымен келісім шарты аяқталады. Футболшы Қазақстан клубына бір жарым жылға келісім шарт жасасады» деген бұл ақпаратта.
Милан Барош «Галатасарай», «Ливерпуль», «Лион», «Астон Вилла» командаларында да ойнаған. Чехия құрамасында 89 ойын өткізіп, 41 гол соққан. М.Барош 2004 жылғы Еуропа чемпионатында 5 доп соғып, бас мерген атанған. Ливерпуль сапында УЕФА Чемпиондар Лигасында топ жарған.