«Милан» ФК-ның бас бапкері ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппо Индзаги «Милан» итальяндық футбол клубының жаңа бас бапкері атанды, ол Кларенс Зеедорфтың орнын басты.

Индзаги «Миланмен» 2016 жылғы маусымға дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлады итальяндық команданың баспасөз қызметінен.

Зеедорф «Миланның» бас бапкері болып биылғы қаңтарда тағайындалған. Онымен келісімшарт 2016 жылдың маусымына дейін жасалған болатын.

Оның алдында клубты дағдарыстар алып шығу міндеті қойылған еді, «Милан» клубы маусымының басынан-ақ ашық түрде құлдырап кетті. Бұрын бас бапкер ретінде тәжірибесі жоқ Зеедорф клубты бұдан алып шыға алмады.

Айта кетейік, Индзаги «Миланның» жасөспірімдер командасының бірін басқарған еді, ал бір жылдан соң клубтың жастар командасының бапкері атанды.