Милан консерваториясының жас студенті Маша Мудряк Павлодарда жерлестері үшін ән салады

None
ПАВЛОДАР. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - La Scala театры жанындағы Жоғары музыка академиясы мен Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясының 16 жасар студенті Маша Мудряк маусымның 27-сі күні павлодарлық жерлестеріне арнап ән шырқайды,

деп хабарлады қалалық мәдениет сарайында.

Мариямен бірге Италиядан келген профессор, әнші әрі дирижер Деметрио Колачи сахнаға шығады. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахымжанов жетекшілік ететін симфониялық оркестр әншілерді сүйемелдейтін болады.