Милан-Кортина Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды

Фото: Ағыбай Аяпберген / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Әлемдік додада көк туымызды желбіреткен отандасымыз Михаил Шайдоров пен аталмыш спорттық бәсекеде жоғары нәтиже көрсеткен Софья Самоделкина Қазақстанға келді. 

Отандастарымызды туған-туыстары, достары және жанкүйерлері елордадағы әуежайдан қошеметпен қарсы алды.

Фото: Ағыбай Аяпберген / Kazinform

Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Олимпиада чемпионына ризашылығын білдіріп, ел мерейін асқақтатқан спортшыға құрмет көрсету керек екенін атап өтті. 

Фото: Ағыбай Аяпберген / Kazinform

– Біздің елімізде де мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы бар! Осындай чемпионымызбен мақтанамыз! - деді Головкин.

Көк туымызды көкте желбіреткен Михаил Шайдоров қысқы Олимпиадада тақым қысып, тілеулес болған отандастарына ризашылығын жеткізді. 

Фото: Ағыбай Аяпберген / Kazinform

– Мен барша жанкүйерге қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін және еліміздің атын әлемдік аренада таныту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын, - деді Олимпиада чемпионы.

Фото: Ағыбай Аяпберген / Kazinform

Еске сала кетейік, бұған дейін Михаил Шайдоровтың қысқы Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын ұстап шыққанын жазғанбыз.