Милан - Сан-Ремо жарысына қатысатын Astana Pro Team велошабандоздарының есімі

None
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Әлемнің мықты велошабандоздары Милан - Сан-Ремо жарысында жеңіске жетуді жоспарларына енгізген.

Канчеллара, Саган, Хушовд жоспарлары іске асып жатса, кез келгені жеңімпаз атануы ғажап емес. Бірақ біздің стратегиямыз 100 пайыз Винченцо Нибалидің жеңіске жетуіне бағытталған, дейді Astana Pro Team менеджері Джузеппе Мартинелли. Бұл жайында аталған команданың ресми сайты хабарлады.

«Тиррено-Адриатикодағы жеңіс Нибалиге өз күшіне деген сенімін арттырғаны дау туғызбаса керек. Және бұл жеңіс командаға да оң әсерін берді. Милан - Сан-Ремода біз Нибалиге жұмыс жасаймыз, бірақ команда сапында жеңіс тұғырына таласуға қауқары да, шамасы да жететін басқа да шабандоздар бар. Максим Иглинский, Гривко мен Гаспаротто тауға шығудың шеберлері, ал Гавацци мен Понци көшбасшылардың сенімді көмекшілері. 300 шақырымға созылатын жарыс жолы кімге де болсын оңай тимесі анық, шабандоздар уақтылы су, азықпен, құрғақ киіммен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл шаруаны атқару тиіс шабандоздың өз бабында болғаны өте маңызды», -деді Мартинелли.

Сонымен, бүгін 17 наурыз күні өтетін 300 шақырымдық Милан - Сан-Ремо жарысы жолына шығатын Astana Pro Team құрамы:

Винченцо Нибали (Италия).

Энрико Гаспаротто (Италия).

Максим Иглинский (Қазақстан).

Борут Бозич (Словения).

Симоне Понци (Италия).

Андрей Гривко (Украина).

Алессандро Ванотти (Италия).

Франческо Гавацци (Италия).

Команда штаты:

Бас менеджер Александр Винокуров.

Спорттық директор Джузеппе Мартинелли.

Спортивного директор көмекшісі Стефано Дзанини.

Дәрігер Симоне Улиари.

Механик Габриэле Тоселло.

Механик Мауро Андреола.

Массажшы Микеле Паллини.

Массажшы Умберто Инсельвини.

Массажшы Оскар Сатурни.