Шараға 144 ел, ондаған халықаралық және үкіметтік емес ұйым, сонымен қатар жүздеген компания қатысады.
ЭКСПО-2015 "Планетаны тамақтандыру. Өмір энергиясы" ұранымен өтіп, тағам қауіпсіздігі, ауыл шаруашылық технологияларын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды үнемдеу мәселелеріне, сонымен қатар түрлі аймақтардың аспаздық және гастрономикалық дәстүрлеріне арналады. Көрме ауылының аумағында 52 ұлттық павильон салынды.
Жеке павильондар тағам тарихы мен ауыл шаруашылығына, азық-түлік өнімі саласындағы инновацияларға, био әр алуандылығы мен оны сақтауға арналады.
ЭКСПО-2015 бас директоры Пьеро Галли хабарлағандай, көрме экспозициялары ғылым мен техниканың жетістігін ғана көрсетіп қоймай, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік индустриясының тұрақты дамуы мен планета тұрғындарын қауіпсіз тағаммен қамтамасыз етудің стратегиясын жасауға шақырады.