Милан қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

Фото: olympics.com

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы ХХV Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының алауы жағылды.

olympics.com сайтының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты салтанатты рәсім Грециядағы Олимпия археологиялық мұражайында өтті. Рәсім барысында 24 қарашада ежелгі Олимпия археологиялық орнында орналасқан Гера ғибадатханасында Бас діни қызметкердің алауды жаққан бейнежазба көрсетілді.

Олимпиада алауы жағылғаннан кейін, эстафета ең әуелі Грецияда басталып, содан кейін 4 желтоқсанда Афинада Милан қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне ресми түрде табасталады.

Милан қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті жариялаған жоспарға сәйкес, алау эстафетасы 2025 жылдың 6 желтоқсанынан 2026 жылдың 6 ақпанына дейін жалғасып, 12 000 шақырымды құрайды. Олимпиада алауы Италияның барлық 20 аймағы мен 110 провинциясын аралап, 300-ден астам қалашықтар мен елді мекендерде және 60 қалада мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

Айта кетерлігі, Олипиада ойындары алауын жағыу символикалық шарасы ежелгі Олимпиада рухының қазіргі Олимпиада рухына ауысуын білдіреді. 1936 жылдан бастап алау жағу рәсімі Олимпиада ойындары дәстүрінің ажырамас бөлігіне айналды.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.