Олар ақпараттандыруды, кітапхана жұмысын автоматтандыру және бүгінгі компьютерлік заманда ақпараттық технологиялар қолдану мәселелерін талқылауда, деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі. Бұл өзекті проблемалар Кітапхана қауымдастықтарының халықаралық федерациясы өткізіп отырған кітапханашылардың 75-інші дүниежүзілік конгресінің күн тәртібіне шығарылған.
«Кітапханалар өзара және мұражай мен мұрағаттар сияқты басқа да мәдениет мекемелерімен шығармашылық байланыста болуы керек», деп санайды Италияның кітапхана қауымдастығының президенті және Конгрестің ұлттық ұйымдастыру комитетінің төрағасы Мауро Гуэррини.
Италияның солтүстік елордасы саналатын Миландағы "Фьера ди Милано" көрме қалашығында өтіп жатқан форум бағдарламасында «дөңгелек үстел» отырыстары, мамандардың консультациялары, тақырыптық көрмелер өтеді.
Кітапханашылардың дүниежүзілік конгресі тамыздың 29-ына дейін жұмыс істейді.