Милиционер түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған

None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Молдоновка ауылында милиционер түрме аумағына есірткі лақтырмақ болған. Бұл туралы Мемлекеттік жазалауды орындау қызметінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Оның дерегі бойынша, екі жігіт 2017 жылдың 16 желтоқсанында Шу облысы Аламеди ауданы Молдовановка ауылында орналасқан №27 мекеменің аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақшы болған.

Олардың бірі ұсталса, екіншісі оқиға орнынан ізін суытқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған заттар салмағы 189,67 грамм болатын марихуана болып шықты. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында 2018 жылдың 10 тамызында қылмыскердің сыбайласы 34 жастағы Н. К. Ж.қолға түсті. Ол ұсталған кезде Бішкек қалалық ІІБ қызметкері болған. 

Қазіргі таңда іс соттың қарауына жіберілді.