– Бүгінгі таңда елімізде ым-ишара тілі ресми қабылданбаған. Республикамызда сондай есту және сөйлеу қабілеті бұзылған 20 мыңнан астам адам тұрады. Олар да Қазақстанның тең құқылы азаматтары. Біз мылқау азаматтар көшеде газет сатады, сағат жөндейді, етікші деп жатамыз. Жоқ, олар да біз сияқты азамат болғысы келеді, үлкен лауазымды қызмет істегісі келеді. Өкінішке орай, ақпарат көзі жетіспейді. Неге? Себебі бізде әліппеден ары қарай жазылмаған. Білесіз бе, олардың математиканы оқитын құралы жоқ. Олардың тарихы оқитын құралы жоқ. Сондықтан Президент мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру туралы заң жобасын әзірлеуді тікелей тапсырды. Аталған заң жобасының бастамашыларының бірі ретінде құжатты каникулдан шыққан соң қыркүйек айында Парламентке кіреді деп жоспарлап отырмыз. Құжат қазір Үкімет қорытындысында, - деді Таңсәуле Серіков.
Мәжіліс депутаты Еңбек министрлі мүмкіндігі шектеулі жандандардың өздері жұмыс істеуге құлықсыздық танытатындығын алға тартып отырғанын айтады.
– Қалайша жұмыс істегісі келмейді?! Маған мүгедектігі жандар жандардың жұмысқа алмайтындығына қатысты күніне кем дегенде 10-15 шағым келеді, - деді депутат.
Осы орайда Адам құқықтары уәкілінің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетова мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыс табуы оңай еместігін айтады.
– Себебі жұмыс берушілер арасында стеоротип бар. Қиындықтар тек материалдық жағдайға ғана емес қоғамның қабылдау деңгейіне де байланысты, - деді ол.