Миллиард қытайдың мейірімін оятқан видео

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында қытайдың әлеуметтік желілерінде «Тағы да тері киімдерін киесіз бе?» деген тақырыппен шағын видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнеролик тарала сала миллиарт қытай көздеріне жас алып, жүректеріне мейірім орнап, сахараның сәні болған жабайы аң-құстарды қорғаудың түрлі айла тәсілдерін қарастырып жатқан көрінеді.

 

Бұл видеоны көргенде шынымен жүрегіңіз ауырады. Онда, аңдарды тірідей сойып, аяқ-қолдарын шауып, терісін сыпырып жатқанын анық көруге болады.

Мұны көрген қытайдың әйгілі режиссері Фың Чиаугаң, әйгілі әйел, кино жұлдызы және әншісі Лю Ролиң бастаған танымал жүлдыздар теріден жасалатын бағалы киімдерді шектеуді дәріптеп жүр екен.

  

Осы бейнероликті көрген тағы бір қытай азаматшасы «Бейкүнә жан иесінің терісі тірідей сыпырылып алынды. Сол сәтте соңғы рет жанталасып, басын көтеріп, өз денесіне қарады. Бұл неткен рахымсыздық?! Терісінен тірідей айырылған жануар қайта қарауға бата алмады. Жанарынан шарасыздықтан жас тамып, көп ұзамай мәңгілікке келмеске аттанып кете барды. Енді, мұндай жауыздықты жасамайықшы», деп жазады.

 

Әдетте аң терілерінен жасалатын бұйымдардың барлығы осындай қатігездікпен келетіні жасырын емес. Мұндай айуандық әрекеттер біздің елде де толып жатыр. Осыған дейін, қасқырдың және иттің күшіктерін тірідей қол-аяғын сындырғандар, коймен күрескен «балуандарымыз» өздерінің әрекеттерін әлеуметтік желіге жүктеп, мақтанып, артынша жазаға тартылған болатын.

    

Аң-құстарды аялайықшы, ағайын.

ЕСКЕРТУ: Бейнероликте аңдарға қатыгездік көрсету сәті бейнеленген. Сезімтал, жүрегі нашар жандарға көруге болмайды!