Миллиардер Брэнсон 2023 жылға қарай дыбыстан да жылдам әуе лайнерін шығармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық кәсіпкер Ричард Брэнсон Атлантика арқылы Лондоннан Нью-Йоркке дейін небәрі 3,5 сағат ұшатын дыбыстан да жылдам авиалайнер құрастыратындығын жария етті.

The Guardian мәліметтеріне қарағанда, мұндай сапар жолаушыға 5 мың долларға түспек. Лайнердің алғашқы ұшуы 2023 жылы жүзеге асырылатындығы күтілуде.  Ал жаңа ұшақты шығару идеясы Дэнвер мамандарына тиесілі.

Олар миллиардерді қатты қызықтырған Boom стартапын ұшырған еді. Енді оның Virgin Galactic компаниясы автордың осыны жүзеге асыруға көмектесетін болады. 

«Мен бұрыннан ғарыштық инновацияларға және жоғары жылдамдықтағы коммерциялық ұшуларға әуеспін»,-деп мәлім етті Брэнсон.