Миллиардер Дэвид Рокфеллер қайтыс болды
22:19, 20 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та америкалық миллиардер Дэвид Рокфеллер 101 жасында қайтыс болды,деп хабарлайды The New York Times газеті.
Басылымның мәліметінше, миллиардер Нью-Йорк штатындағы үшйінде көз жұмған. Бұл ақпаратты басылымға миллиардер отбасының ресми өкілі Фрейзер Сетел растады.
Дэвид Рокфеллер бұрын АҚШ-та саяси ықпалға ие болған.