— 12 борышкердің жалақысынан өндіру шарасы қолданылмаған, 45 борышкердің мүлкі мен есепшоттарына шектеу қойылмаған. 362 борышкердің шет елге шығуына тыйым салынбаған. Мәселен, Байқоңыр қаласы сот орындаушысының шет елге шығуға шектеу қоймауы салдарынан миллион теңге қарызы бар борышкер бірнеше рет Өзбекстан еліне барып келген. Бұған қоса екі жылдан бері алимент төлеушінің меншігіндегі шетелдік автокөліктер есебінен 2 млн теңге берешекті өндіруге әрекет жасалмаған, — делінген хабарламада.
Прокурорлар борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытындағы жұмыстардың жеткіліксіз, ал облыстық әділет департаменті тарапынан мемлекеттік бақылаудың нәтижесі төмен екенін айтып отыр.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 мамырдағы үкімімен борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.