Оңтүстіккореялық екі автокомпанияның седандары мен кроссоверлерінің қозғалтқыштарынан ақаулар табылды. 1,5 миллион Hyundai Sonata, Santa Fe, Kia Optima, Sorento және Sportage маркалы жеңіл көліктер кері қайтарылады.
Оңтүстік Кореяның көлік министрлігінен мәлім еткендей, иіндібілік пен мойынтіректі өндіру барысында жіберілген қателіктер салдарынан қозғалтқыштар өшіп қалып, істен шығуы мүмкін.
Бұл автолардың көп бөлігі АҚШ-та сатылған. Америкадан ақауды түзету үшін 1,3 млн машина кері қайтарылады. Оңтүстік Кореяда ақауы бар көліктер саны 171,3 мың автоны құрайды.
Еске салайық , 2016 жылдың қазан айында қауіпсіздік жастықшаларындағы кемшіліктер 6 млн Toyota көлігінің кері қайтарылуына себеп болды.