«Біздің деректерге сәйкес, жақын арада 3,5 миллион италиялық үшін құбыр суы үлкен мәселеге айналады», - дейді консорциум президенті Ф.Винченци.
Осы қыстағы жауын-шашын мен қардың төмен деңгейі өткен жазда Италия бастан өткерген қатты құрғақшылық пен ұзаққа созылған аптап ыстықтан туындаған қиын жағдайды одан бетер ушықтырды. ANBI Италияның ең үлкен По өзенінің су деңгейі рекордтық шамаға азайды.
Сондай-ақ елдің орталығында өзендер мен көлдер суы да айтарлықтай төмендеп кеткен. Альпі тауларынан келетін су көлемі соңғы он жылдағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 53% құрайды.
Фото: ansa.it