Миллионердің ұлы лотереядан 100 млн. доллар ұтып алды

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Marriott қонақ үйлер желісі президентінің 25 жастағы ұлы Брайан Маккарти Mega Millions лотереясынан 107 млн. доллар көлемінде джек-пот ұтып алды.

Лента.ру жазғандай, Брайан 107 миллионның 68 млн. доллардан астамын ақшалай ала алады. Билет иесінің айтуынша, ұтысының бір бөлігіне ол BMW M3 седан автомашинасын сатып алып, Ирландияға сапар шеккісі келеді.