Ұсталғандарға миллионнан астам жасанды сөмке сатты деген айып тағылып отыр. Ірі көлемдегі контрафактілі тауарларды басқа елдерге сатты деген айыппен мамыр айында осы қылмыстың басы-қасында жүрген тегі Цянь (аты құпияда сақталып отыр) деген кәсіпкер ұсталған болатын.
Қытай әлемде контрафактілік тауарларды шығарудан ең бірінші ел болып саналады. 2011 жылы АҚШ-тың қару-жарақ жүйесінің өзінде қытайлық контрафактілік тауарлардың еніп кеткені анықталып, біраз шу болған еді.