Милош Земан Чехия президенттігіне қайта сайланды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Чехияның іс басындағы президенті Милош Земан тағы бір мерзімге сайланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің меншікті тілшісі.

Сайлаушылардың 95 пайыз дауыстарын санаған соң Милош Земан екінші турда 52 пайыз дауыспен жеңіске жеті.

Оның оппоненті - Ғылым академиясының бұрынғы басшысы Иржи Драгош 47,8 процент сайлаушылардың даусын жинады.

Сайлаудың екінші турындағы дауыс беру көреткіші 66 процентті құрады. Бірінші тур екі апта бұрын өтті, онда Милош Земан өзінің оппонентінен 12 процентке (38 26-ға қарсы) алда болды.