Астана қаласы бойынша сәуір айында аударылған 6,9 млрд теңгенің 3,9 млрд теңгеге жуығы – жұмыс берушілерден, 3 млрд теңгеге жуығы – жеке кәсіпкерлерден түсті. Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жүргізетін 7578 төлеушіден 11,2 млн теңге аударылды.
Еске салайық, 2022 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бір жылға алдын ала жарна төлеу арқылы МӘМС жүйесіне қатысудың жаңа тетігі іске қосылды. Оны «сақтандырылған» мәртебесі бар, сондай-ақ жүйеге ешқашан төлем жасамаған немесе жүйесіз төлем жасаған барлық дербес төлеушілер пайдалана алады.
Кез келген сұрақ бойынша хабарласуға болатын тетіктер:
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- @saqtandyrybot телеграмботы
- 1406 байланыс орталығы
- Қордың fms.kz сайты.