Міндетті медициналық сақтандыру реформасы бойынша Жол картасын әзірлеу керек - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен кеңес барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне жаңа Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

«Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу керек дегенде де халық бұған күдікпен қарағанын жақсы білемін. Сондықтан, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі осы мәселе бойынша Жол картасын әзірлесін. Бұл реформа әрбір қазақстандыққа қатысты болғандықтан, бәріміздің назарымыз осы реформада болады»,-деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Ақордада өткен кеңеске Парламент палаталарының төрағалары, Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.