«МӘМС жүйесі іске қосылған соң, оны 2019 жылға қалдыру ескеріле отырып, 114 млрд теңге жиналатыны жоспарлануда», - деді Міндетті медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі «ҚазАқпарат» сауалына.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қордың толыққанды жұмысты бастауына қаражат жетеді.
«Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қазақстандық үлгісін дамыту принциптерінің бірі - кепілдіктер мен міндеттемелердің теңгерімділігі. Бұл орайда МӘМС-ке қаржының түсуінде тапшылықтың болу қаупі жоқ», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Бұған дейін аталған қор МӘМС бойынша көмек алу мерзімі өзгертілуі мүмкін екенін хабарлаған еді.