Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу мерзімі өзгеруі мүмкін
«Медициналық көмек көрсету мерзімін өзгерту немесе шегеру бойынша қазіргі уақытта жауапты орган сәйкесінше заңнамалық құжатқа өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр», - делінген редакцияның сауалына жолданған жауап хатта.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «ҚР салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы Заңына сәйкес, міндетті медиициналық сақтандыру жүйесімен медициналық көмек көрсету мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілгенін еске салды.
Сонымен қатар, күшіне енген заңдағы өзгерістерге сәйкес, міндетті медициналық сақтандыру жарнасынан азаматтық-құқықтық мазмұнда келісім бойынша табыс алатындар, жеке нотариустер, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ басқа да категориядағы азаматтар босатылған. Жеке кәсіпкерлер де жарна төлемейді.
«Алайда егер кәсіпкердің қол астында жалдамалы жұмысшылар болса, ол жұмысшыларға жұмыс беруші ретінде жарна аударатын болады», - деп хабарлайды қордан.