Мұны «құжатты әлі де егжей-тегжейлі пысықтап, әрі заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізу керек» деп түсіндіреді ведмство мамандары. Мәселен медициналық сақтандыру шеңберінде шетелдіктер қандай көмекке жүгіне алады деген тармақтарын жазу керек. Бұдан бөлек, министрлік бейресми түрде жұмыс істейтіндерге де қолданатын тетік қарастыруды ұсынып отыр.
«Өз-өзін жұмыспен қамтыған, бірақ ол тиімсіз жандардың және біреуінің асырауындағы адамдардың жағдайы қалай болады деген сұрақтарды талқыладық. Қолданыстағы заң мен атап өткен топтарды еш елемейді. Егер сіз екі топтың біреуіне кіретін болсаңыз, жоба күшіне енген күні тек шұғыл жәрдемді ғана ала аласыз. Осы ретте біз не істемекпіз? Шетелдік тәжірибені біраз зерттедік. Соған сай әрбір адам сақтандыру қорына ең төменгі мөлшерлеме бойынша төлем жасай алады. Осы зерттеулерімізді халыққа да, Парламентке де ұсынамыз», дейді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Елжан Біртанов.
Толықтырулар мен өзгертулерді қамтыған құжат қазір келісіліп жатыр. Ал күзде Парламенттің қарауына ұсынылмақ. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі 2018 жылы іске қосылғанымен, арнайы қорға қаржы аудару келер жылдың шілдесінде басталады. Оның бастапқы екі пайызын қызметкерлері үшін жұмыс беруші төлейтін болады.