Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілді - Үкімет қаулысы

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

 Астана, Үкімет Үйі, 2012 жылдың 25 желтоқсанынан, №166

 ҚР Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  • 1. Қоса беріліп отырған:
  • 1) міндетті медициналық-тексеріп қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі;
  • 2) Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары бекітілсін.
  • 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.

 Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы құжаттың тізбесі республикалық басылымда жарияланған.