Мына инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:
Жоспарлы профилактикалық екпелер: «В» вирусты гепатиті; b типті гемофильдік инфекция; дифтерия; көкжөтел; қызылша; қызамық; пневмококк инфекциясы; полиомиелит; сіреспе; туберкулез; эпидемиялық паротит.
Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер: құтырма; іш сүзегі; көктемгі-жазғы кене энцефалиті; оба.
Сонымен қатар, мына инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалалық екпелер жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі: «А» вирусты гепатиті; тұмау; күйдіргі; туляремия.
Айта кетейік, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ауқымында міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері бекітілді. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.