деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжол Жазиннің айтуынша, заң жобасы міндетті және өзара сақтандыру саласындағы құқық мәселелерді шешу болып табылады. «Құжатты Мәжілістің комитеттері де қарап, өздерінің оң қорытындыларын берді. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, екі оқылымда да оған қатысты ұсыныстар болған жоқ», - деді депутат.
Осыған орай аталған заң жобасын депутаттар жан-жақты талқылап, оны екінші оқылымда мақұлдау қажет деп шешті.