деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, бұл заң жобасының мақсаты сақтандырудың міндетті түрлерін қарастыратын заңнамалық актілердің жекелеген ережелерін нақтылау мен реттеуге бағытталады. Бұдан басқа құжатпен өзара сақтандыру қоғамдарын дамытуды одан әрі ынталандыру, сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүліктік және әлеуметтік мүдделерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру шаралары көзделеді. Атап айтқанда, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиян үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі функцияны өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына беру көзделеді.
Қос палата арасындағы келісім комиссиясы 56 ұстаным бойынша келіспеушіліктерді қарайтын болады. Комиссия құрамына сенаторлар сайланды.