Министр Абаев «Ашық Үкіметті» ілгерілету жоспарын таныстырды
Комиссия отырысында Дәурен Абаев Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ашық Үкімет» қағидаттарын ілгерілету бойынша жоспарына кеңінен тоқталды.
«Біріншіден, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарын ескере отырып, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, заңның құқық қолдану тәжірибесіне терең талдау жүргізу. Екіншіден, үздік тәжірибелер негізінде «Ашық Үкіметті» ілгерілету және дамыту стратегиясын, тұжырымдамасын әзірлеу. Үшіншіден, халықты тарту және кері байланыс арқылы «Ашық Үкімет» порталдарын дамыту және танымал ету», - деп атап өтті Дәурен Абаев.
«Бесіншіден, бюджет қаражаты және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қаражаты есебінен жүргізілетін талдамалық, әлеуметтік, консалтингтік әртүрлі зерттеулердің деректер базасына ашық қол жеткізуді қамтамасыз ету. Алтыншы - Қазақстанның «Ашық Үкімет әріптестігі» халықаралық бастамасына қосылуы мәселесін пысықтау», - деді ол.
Министр баяндама соңында қойылған міндеттерді табысты іске асыру әрбір адамның ақпаратқа қол жеткізуде конституциялық құқығын одан әрі қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайтындығын баса айтты.