АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният биыл сәуірде Алматыда дәрігерді атып өлтіру оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дәрігерді өлтіру себебін білмеймін. Бұл оқиғаға қатысты іспен тергеу органдары айналысып жатыр. Бізге әлі де ресми себебі жарияланбады», - деді А. Ғиният Мәжілісте заң жобасын таныстырғаннан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл сәуір айында Алматыда бұрынғы пациенті аң аулайтын қарудан дәрігер Юрий Шумковты атқаны белгілі болды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.