«Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында біз келесі жаңа шараларды енгізуді ұсынамыз.
Бірінші. Жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу.
Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына жеңілдіктер «Инвестициялар неғұрлым көп болса, соғұрлым жеңілдіктер» қағидаты бойынша салынған инвестицияларға байланысты сараланып берілетін болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Оның сөзіне қарағанда, арнайы экономикалық аймақ қызметінің басым түрлері бойынша жобалар үшін арнайы экономикалық аймақ режимінде жеңілдіктер ғана беріледі. Ал жобаларды басымдықтардан тыс іске асыруды жоспарлап отырғандарға тек инфрақұрылымы бар жер, Индустриялық аймақтардағыдай, кедендік және салықтық жеңілдіктерден босатпай беріледі.
«Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жер учаскесін барлық инвестициялық міндеттемелерді адал орындағаннан кейін сатып алу мүмкіндігі енгізілуде – атап айтқанда өндірісті пайдалануға беру және оның белгілі бір жобалық қуатқа шығуы.
Біз бұл түзетулерді депутаттық бастама аясында Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмалары бойынша заң жобасы шеңберінде енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.