Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
«Осы жағдай бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады»,-деп атап көрсетті Б. Жұмағұлов.
Биылғы ҰБТ бойынша министр ертең, 6 маусым күні арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық сауалдарына жауап беруге уәде етті.
Жалпы, Б. Жұмағұлов ҰБТ-нің өту барысын «жақсы» деп бағалап отыр. «Меніңше, биыл ҰБТ тиісті деңгейде өтіп жатыр»,-деді министр.