Министр Бағдат Мусин коронавирус вакцинасын алды
10:20, 02 Сәуір 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин коронавирус вакцинасын егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Апта басында вакцина алдым. Өзімді жақсы сезінемін», деп жазды Бағдат Мусин Instagram -дағы парақшасында. Министр екпе салып жатқан суретін қоса жариялады.