«Министрлік медицина мамандарының құқығын қорғау туралы заң жобасын әзірледі. Заңның өзі өте кешенді. Дәрігердің мәртебесі, жалпы медицина қызметкерлерін әлеуметтік, материалдық қолдау мәселелерін көтереді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерін әлеуеттік сақтандыру мәселесі де қозғалған. Медицина қызметкерлерінің қорғауда болуын, медциналық инциденттер үшін дәрігерлер қылмыстық жауапкершілік арқаламауын қарастырған. Ол үшін әрбір медицина маманы, тек дәрігер ғана емес орта медициналық қызметші де өзінің кәсіби қызметін сақтандыру компаниялары арқылы сақтандыратын болады», - деді ведомство басшысы.
Заң жобасы бойынша, емделуші мен медицина мамандарының арасында дау туындаса, ол әуелі медиация аясында қаралуы керек.
«Медициналық инцидент туындаған жағдайда ауруханалардың жанынан емделушілерді қолдау орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ, емделушінің шағымы немесе өтініші медиация арқылы қаралады. Медиация аясында келісім болмаған жағдайда бұл істер сақтандыру компанияларына түседі. Сол компаниялар денсаулыққа келтірілген залалды өтеп береді», - деді Ажар Ғиният.