Тоқтала кететін жайт, бюджет жобасын талқылау барысында депутаттар тарапынан «Ел арна» телеарнасының жұмысын тоқтату себептерін түсіндіру сұралған болатын. «Біз жыл сайын «Ел арна» телеарнасына 2 млрд. теңге бөліп келген болатынбыз. Алайда, рейтинг бойынша осы арна 300 млн. теңгені ғана жинай алады, бұл біріншіден. Екіншіден, Мемлекет басшысының Үкіметке былтырғы жылдың қазан айындағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары бар. Онда Президент контент бойынша сұранысқа ие телеарналарға ғана қолдауды жалғастыруды жүктеген болатын. Ал «Ел арна» контенті, өздеріңіз білетіндей жартылай сатып алынған, аударылған, ал өзінің құрап отырған контенті жеткіліксіз», - деді министр Ерболат Досаев.
Оның айтуынша, «Ел арнаға» бөлініп келген 2 млрд. теңгенің тең жартысы, яғни 1 млрд. теңгесі «24.kz» телеарнасының аймақтық тілшілер қосынын кеңейтуге бөлінеді. Бұдан бөлек, 992 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражаты жаңа фильмдер түсіруге жұмсалатыны қарастырылып отыр.