«Мемлекет тарапынан кепілдік берілген заң көмегі аясында 2019 жылы 150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмекті алды. Бұл көмекті адвокаттар бюджет қаржысы есебінен атқарады», - деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, қаржыны тиімді жұсау, сондай-ақ адвокаттарды тағайындаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан кепілдік берілген заң көмегін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.
«Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесі аясында адвокаттарды тағайындау автоматты таңдау жолымен іске асырылады. Сонымен қатар, азаматтар осы жүйе арқылы онлайн консультация алу мүмкіндігіне ие болады.
«2019 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік әрі қаржылық жағынан қиындыққа тап болған азаматтарға ақысыз кешенді әлеуметтік заң көмегін алу қарастырылған. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл қызмет халық арасында айтарлықтай сұранысқа ие», - деді Бекетаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Әділет министрі құрылған «Әлеуметтік қордың» негізгі міндетін түсіндірді.
Қазақстанда 2020-2030 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы әзірленеді.