«Келіссөздер жүріп жатыр, үлесті сатып алу ақысы бірнеше кезеңге бөліп төленеді. Жылдарға бөліп есептеген де соншалық үлкен жүктеме шығады деп ойламаймын. Жылына шамамен 7 млрд теңгемен, бірнеше жылға бөлінеді. Жалпы сома 25-30 млрд теңге шамасында болады», - деді Ерұлан Жамаубаев Сенаттың отырысынан кейін.
13:17, 17 Қараша 2022
Министр Еуразия даму банкіндегі Ресей үлесін сатып алуға қанша қаражат кететінін айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Еуразия даму және қайта құру банкіндегі Ресейдің үлесін сатып алуға қанша қаражат кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.