«Азаматтық авиацияда көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалуда. Мәселен, транзиттік жолаушылар саны 2010 жылы 20 мыңнан 2018 жылы 900 мыңға дейін өсті. 2020 жылы транзиттік авиажолаушылар саны 1,6 млн адамды құрайтын болады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша алғашқы ұлттық төмен бюджетті Fly Arystan авиакомпаниясын іске қосу жоспарланған.
«Алғашқы жылы пайдалануда 1 млн жолаушыға дейін тасымалдау жоспарлануда, бұл «Эйр Астананың» бағасынан 2 есе төмен. Көлік саласын дамыту бойынша алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» бағдарламасында көрініс табатын болады», - деді Жеңіс Қасымбек.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Fly Arystan» билеттері басқа компаниялардан 2-2,5 есе арзан болатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.