«G-Park» құрылыс компаниясы мәселесінің қалай шешілетіні туралы ақпарат береміз. Жалпы айтпағым, азаматтар құрылыс компаниясын таңдауда жауапкершілік таныту керек. Егер объектіге ресми кепілдік берілмесе, заңсыз салынса немесе алдын-ала келісімшарттар бойынша жасалса, онда мұндай объектілерден пәтер сатып алмаған дұрыс», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің мәлімдеуінше, егер тұрғын үй 70%-ға заңсыз салынса, онда ол бұзылады.
«Заңсыз құрылыспен күрес саласында тәжірибе жеткілікті. Айта кететін жайт, құрылыс жұмыстарына қатысты бүкіл ел аумағында бірыңғай шешім қабылдаймыз, әр нысан жеке қарастырылады», - дейді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Олжас Бектенов Астанада G-Park компаниясының рұқсат құжаттарынсыз 7 тұрғын үй салып жатқанын айтқан еді.
Еске сала кетсек, Астана әкімдігі G-Park компаниясына 12 нысанды аяқтап, үлескерлерге кілт тапсырғанша жаңа құрылыс бастауға тыйым салған еді.