Министр қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтып берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қандай спорт түрлерімен айналысатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менжүзу спортына жақынмын. Әлбетте, бұрыннан бері спорттық сайыстарға қатысыпкелемін. Өздеріңіз білетіндей, мен студенттермен бірге сайыстардан қалмайтынедім. Жастарға үлгі ретінде спорттық сайыстарға, бұқаралық спорттық жарыстарданқалмауға тырысамын. Бұл тәжірибені жалғастырып, алдағы уақытта да біздің елдегісайыстардан мені әлі көретін боласыздар», - деді ол.

Айтакетсек, аталмыш баспасөз мәслихатында Ақтоты Райымқұлова бұқаралық спорттыдамыту қалай жүргізіліп жатқанын баян еткен болатын.

«Министрліктіңалдына қойған тапсырмалары аясында 2018 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыружәне спортпен жүйелі түрде айналысатын адам саны 30 пайызды құрады. Яғни сандықкөрсеткіште 5,5 млн адам. Бұл тұрғыда бұқаралық спортты дамыту бағытында 2019жылдың бірінші жартыжылдығында 207 млн адамды қамтыған 27 мыңспорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды. Ауылдық жерде 1,1 млн адамдықамтыған 16 мың спорттық-бұқаралық іс шара өтті», - деді ол.

АянБекенұлы

Соңғы жаңалықтар