«Егер жайылымға зақым келсе, бұл жемшөп субсидиясын алуға негіз болады. Ал егіске келсек, мұндағы ахуал сәл басқаша. Қазір біз арнайы әдістеме әзірлеп жатырмыз. Өйткені есептеу керек қой. Әуелі сақтандыру бойынша реттегіміз келген. Сақтандыру компанияларымен бірге есептеп көрдік. Нақты бір аумақ бойынша сақтандырудың тәуекелі өте жоғары екенін түсіндік. Яғни, сақтандыру құны өте қымбат болады. Осыған байланысты бұл жол бизнеске жарамсыз деп ойладық. Сақтандыруға өте көп ақша төлеу керек болады», - деді Ербол Қарашөкеев.
Министр киік санын қолдан реттеу туралы да пікір білдірді.
«Ең тиімді жолы киік санын реттеу екенін түсіну қажет. Қазіргі істеп жатқанымыздың бәрі –салдарымен күресу ғана. Ал киік санын реттеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына кірмейді. Киік саны баяғыдан реттеліп келген», - деді ол.