Министр Қашағаннан мұнай игеру екінші жартыжылдықта басталады деп үміттенеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашағаннан мұнай өндіру ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында басталады деген үміт бар. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.

«Алдын ала болжамдарға сәйкес, мұнай өндiрiсi 2,5 млн. тонна болады, әрі кеткенде 3 млн. тонна болуы мүмкiн деп жоспарлап отырмыз. Бiз осындай көлемдегi өндiрiске қол жеткiзгiмiз келiп отыр. Дегенмен, нақты көлем жобаның сараптама жұмыстарының нәтижесi шығып, мұнай өндiрiсi басталғаннан кейін белгілі болады. Ал жалпы, Қашағаннан мұнай игеру екінші жартыжылдықта басталады деп үміттенеміз», - дедi Экономика министрі Ерболат Досаев.